Ресейлік депутаттар өлім жазасын қайтару туралы айта бастады. Олар Конституциялық сотқа сауал жолдамақшы. Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин Ресейде өлім жазасын қайтару мүмкіндігіне қатысты сөз сөйледі. Ол «Конституцияда да, қылмыстық заңнамада да өлім жазасын ешкім алып тастамағанын» айтып, Ресейде Еуропа Кеңесі алдындағы міндеттемелері аясында оған мораторий енгізілгенін еске салды.