НАТО-ның бағалауы бойынша, қаза тапқан және жараланған ресейлік сарбаздардың саны 350 мыңнан асты, дейді альянстың бас хатшысы. Олардың қаншасы қайтыс болғанын нақтыламады. Столтенбергтің айтуынша, соңғы уақытта шығын айтарлықтай өсті, ал агрессор ел «болмашы» аумақтағы табысына тым жоғары құнын төлеп отыр.