Флорида губернаторы Рон Десантис АҚШ президенттік сайлауына қатысудан бас тартқанын мәлімдеді. Ол өз шешімін әрекеті «қалаған нәтижеге» жетпейтінімен түсіндірді. «Бізді қолдайтын адамдардан жеңіске жетудің нақты жолы болмаса, өз уақытын және ресурсын беруді сұрай алмаймын», - деді ол X әлеуметтік желісіндегі бейне үндеуінде.