Украина әскерлерінің Авдеевкадан шегінгенін Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский мәлімдеді. «Авдеевка төңірегінде қалыптасқан жедел жағдайға сүйене отырып, қоршауға алынбау және әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін мен бөлімшелерімізді қаладан шығарып, тиімдірек шепте қорғанысқа көшуді жөн көрдім», - деп жазды ол.