Украина қарулы күштері тағы бір ресейлік кемеге соққы бергенін хабарлады. Әңгіме «Константин Ольшанский» үлкен десанттық кемесі туралы болып отыр, деп түсіндірді Әскери-теңіз күштерінің өкілі Дмитрий Плетенчук «Фридом» телеарнасында. Оның айтуынша, үлкен десант кемесі «Нептун» зымыранымен атылған.