Украина наурыз айында Еуроодақтан 4,5 миллиард еуро алады. Бұл Еуропалық Одақтың 50 миллиард еуроны құрайтын жаңа қолдау бағдарламасы бойынша бірінші транш болады, деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевте Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесуден кейін.