Сенатор Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысына және Бас Прокурорға депутаттық сауалын жолдап, шетелге кеткен жетімдердің тағдыры туралы мәселе көтерді. Депутат аталған мәселенің бірнеше рет көтерілгенін, прокуратура тарапынан жағдайды реттеу әрекеттері болғанын, бірақ, тексеріс нәтижесі беймәлім екенін айтты.