Өтіп бара жатқан 2023 жыл еліміз үшін тың бастамаларға толы болды. Биыл саяси жүйенің жалпы келбетін өзгерткен және жаңа экономикалық үлгінің негізін қалаған реформалар жүзеге асырылды. Сондай-ақ азаматтардың қоғамдық құндылықтар мен нормаларды қайта қарау, өзгерту қажеттігін ұғынуына ықпал еткен оқиғалар болды.