2023 жылы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының жұмысы жандана түсті. Атап айтқанда, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік кеңсесі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсалалы аймақтық кеңсе (Бюро) ретінде қайта құрылды. Париж қаласында еліміздің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылды. Осы беделді ұйымның клуб қозғалысы аясында Қазақстан алғаш рет ЮНЕСКО-ның клубтары мен қауымдастықтарының президенті болып сайланды.