Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылында қардың қарқынды еруінен Эра өзенінде су деңгейі көтерілді. Өзен арнасынан судың шығуы салдарынан Первомай көшесінің бойындағы 50 аула аумағын су басқан. Үйлерге су кірген жоқ 19 адамды эвакуациялау шаралары жүргізілген болатын, оның ішінде 6 бала бар. Қазіргі таңда барлық тұрғындар үйінде.