Абай облысында кейінгі күндері тасқын су талайдың мазасын қашырды. Жер жібіп қатып, дамбылар мен елді мекендерді қызыл су басты. Аягөз және Ақсуат аудандарында қауіпсіздік мақсатында тұрғындар арнайы дайындалған эвакуациялық пунктілерге көшірілген еді. Қазіргі уақытта олар үйлеріне қайтып жатыр.