Абай облысы Аягөз ауданында өзенде жоғалып кеткен 3 адамды іздеуге тікұшақ тартылды. Осыған дейін Аягөз ауданында Борлы өзені арқылы жолды қысқартпақ болған екі адамның із-түссіз жоғалғаны хабарланған. Төрт күн бұрын тағы бір адам дәл осы өзенде жоғалып кеткен еді. Үш ер адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.