Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстанның Ізгі ниет елшілері» жобасының тұсау кесіліп, 7 адамға ресми төсбелгі мен тиісті диплом табысталды. Аталмыш жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған. Іс-шарада сөз алған Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жаңа жобаның мақсатына тоқталды.