2 сәуір күні Қуандық Бишімбаев алғаш рет сот залында қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. Бұған дейін ол түсініктеме беруден бес рет бас тартқан. Түсінік беру барысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында біршама түсінбеушілік болғанын, оған да Салтанат кінәлі екенін айтқан еді.