Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскердің орналасқан жері анықталып, алты «келімсек» ұсталды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.