Бурабай тұрғындарының 15 млн теңгесін жымқырған алаяқ әйел ұсталды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті жеті тұрғын арызбен жүгінген. Зардап шегушілердің сөзінше, 2023 жылдың сәуір-қазан аралығында бейтаныс әйел олардың 15 млн теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.