Ақтөбе облысының бірнеше елді мекеніне суы жайылған «Магаджан» бөгеті иесінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. «Ауыр зардаптарға әкеп соққан міндеттерге немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.