Ақтөбе облысына тасқын қаупі төніп тұр. Өңірде күн күрт жылынып, қар тез ериді деген болжам бар. Қазірдің өзінде қызыл су жолдарды шайып жатыр. Шалқар ауданындағы тағы бір жолда көлік қатынасы қиындады. Қырдан аққан қызыл су Қандыағаш - Шалқар арасындағы трассаны басып қалған.