Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде тәркіленген темекіні жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беріп жіберген. Мемлекетке 243 млн теңге шығын келтірді. Сот үкімімен полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды.