Ақтөбе қаласында Елек және Қарғалы өзендері көтеріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қажет болған жағдайда 112 және 109 байланыс нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрады. Ақтөбе қаласында қазіргі кезде қауіп әлі сейілген жоқ. Облыстық ТЖД әуеден бақылау кезінде Қарғалы өзені бассейнінде қар әлі де бар екенін анықтады. Сонымен бірге Елек өзені бойынша арналары мен ойпаттарда қар еріп, су жүріп жатқаны белгілі болды.