1 наурыз − Алғыс айту күні. 2015 жылы күнтізбемізге енген жаңа мерекенің маңызы мен мәні айрықша. Қысылтаяң қилы кезеңде қазақ топырағына табан тіреген этностар мен тұрғылықты халықтың арасындағы достықты дәріптеуді көздейтін мейрам алғаш рет 2016 жылы жалпы халықтық сипатта тойланды.