ҚР Жоғарғы соты сот процесіне қатысу үшін алқабилерді іріктеудің мән-жайы туралы түсінік берді.«Олардың жеке басын жарияламау маңызды. Сондықтан алқабилер алқасына кандидаттарды іріктеу міндетті түрде жабық сот отырысында өтуі керек, ал істі қарау кезінде алқабилерді түсіруге тыйым салынады», - делінген Жоғарғы соттың Kazinform агенттігіне берген жауабында.