«Метрополитен» КМК қызметкерлеріне қатысты жаңа сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді. Қадағалау органы квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтауды жалғастырып жатыр.