Алматы облысында бірнеше ауылдық округ және ауыл атауы өзгеріп, қайта аталынады. Іле, Кеген, Талғар аудандарының жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша тиісті аумақтар халқының пікірлерін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес шешімді мәслихат қабылдап, қаулыны облыс әкімі шығарған.