Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Прокуратура мәліметінше,сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан.