Алматы облысында заңсыз құрылыспен күрес жалғасуда. Алматы облыстық сәулет-құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Жақсымбетовтың айтуынша, өткен жылы 711 әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде 5 нысанды бұзу туралы шешім қабылданған. Сот шешімімен Қарасай ауданындағы «Orda Town» көпқабатты тұрғын үй кешені, Еңбекшіқазақ ауданындағы кірпіш зауыты, Талғар ауданы Байбұлақ ауылындағы екі көпқабатты тұрғын үй кешені бұзылды. Тағы төрт нысан сүріледі, ал біреуі бойынша шешім әлі қабылданған жоқ.