Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік көпірден құлап, 23 жастағы ер адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасы «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысына қарасты аумағында тіркелген. Жолдың 976 шақырымында келе жатқан Lada Kalina маркалы автокөлігі көпірден құлап кеткен.