Алматы әкімдігі биыл жөнделетін көшелердің тізімін жариялады. Әкімдіктің хабарлауынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары кезінде ұзындығы 200 км-ден асатын 230 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінді. Зақымдалған жерлерді түзеу, тозған жоғарғы қабаттарды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жоспарланған.