Алматыда жыл басынан бері жедел ішек инфекциясының 108 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 73 баладан анықталды. Алматы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда15,4 пайызға артқан.