Алматыдағы И.Кәрімов көшесі, 109 мекенжайда заңсыз салынған нысан соттың шешімі бойынша бұзыла бастады. Қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, бұрын тұрғынның өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, құрылысқа рұқсат беру құжаттарының жоқтығы анықталған.