Алматыда былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойыша 18 қылмыстық іс қозғалып, 14 адам сотталды. Казино мен ойын автоматтары залдары Қапшағай және Ақмола облысының Щучье ауданынан басқа жерлерде ашу заңсыз. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында TikTok желісінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, ставкаларды қабылдау, банктік аударымдар арқылы ұтыстарды есептеу және беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындар фактісі анықталған.