Су тасқынына қарсы іс-шараларға 2 262 әскери қызметші, 137 автокөлік пен 5 авиация ұшағы жұмылдырылды. Ақтөбе облысы Ойыл кенті ауданындағы паром өткелімен тәулігіне 9 паром рейсі жасалды. Онда 75 адам эвакуацияланып, 35 көлік, 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Ақтау авиабазасының экипажы ұшқышсысыз ұшу аппаратының көмегімен Жайық өзенінің арнасындағы жергілікті жерді аэробақылау және барлау жүргізіп жатыр. Батыс Қазақстан облысында Қарулы күштердің әскери қызметшілері құм салынған қаптарды дайындау және төсеу, Жайық өзеніндегі бөгетті нығайту, Ақжайық ауылдық округіндегі Елек өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізді.