Елімізде психологтың есебінде тұрған әскерилерге қару берілген. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде өткен отырыста мәлімдеді. Бас прокурордың айтуынша жауынгерлерге психологиялық көмек көрсету жұмысында кемшіліктер жетерлік.