Астана қаласының Полиция департаменті көппәтерлі тұрғын үй кешенінің бірінде лифт маңында іш киімін шешекен ер адамға қатысты мәлімдеме жасады. Іш киімін шешкен ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Пікір қалдырған қала тұрғындарының көбісі бала-шағасының қауіпсіздігі үшін алаңдап, бейнежазбадағы ер адамды қамау керек деген ойларын жазған.