Наурыз – туыстық байланыстарды сақтауға және қадірлеуге үндейтін отбасылық мереке және 17 наурыз – Шаңырақ күні болып белгіленген. Бұл атаулы күн отбасы институтының маңыздылығын еске салып, туыстық қарым-қатынастарды нығайтуға себеп болары анық. Осы орайда жазушы, аудармашы-ғалым Камал Әлпейісова жас жұбайларға шаңырақ құрарда не нәрсеге мән беру керегі жөнінде ой бөліседі.