Атбасар ауданының тұрғындарына судың көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды. Атбасар қаласында ЖБК аумағында судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынған. Сонымен бірге, Жабай өзені жағасындағы топырақтан тұрғызылған жасанды бөгеттер нығайтылып, көшелердегі су сорылып жатыр.