Атырауда 2 қаңтарда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бір отбасының 5 адамын күйік шалған еді. Аурухананың жансақтау бөлімінде ерлі-зайыптылар мен 3 айлық сәби, ал, жақында 3 жасар бала да қайтыс болды. Ауруханада жатқан әйелдің жағдайы әлі де ауыр.