Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Бүгін Махамбет ауданында 7 метр 28 сантиметрге жетті. «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының гидрологиялық мониторинг деректеріне сүйенсек, өзен деңгейі Батыс Қазақстан облысының аумағынан келетін су есебінен өзгереді.