Павлодарда аудан әкімінің ұлы 7 сыныпта оқитын қызды ұрып, мұрнын сындырған. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол прокуратура мен облыс әкімінен бұл іске араласып, кінәлі тарапты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.