«Мемлекеттік тілге қатысты Президентіміздің ұстанымы белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы – нағыз тіл жанашыры. Сондықтан Президентіміздің саясаты – мемлекеттік тілдің дамуына нақты іспен қолдау көрсету және бұл салада қандай да бір спекуляция мен арандатуға жол бермеу», деп мәлімдеді ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы А.Дәдебай.