Қазақстандық дипломат әйелін 10 жыл бойы ұрып келген. Биыл 6 мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсеткені, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы хабарлаған едік. Ізін суытпай бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтың БАӘ-ден отанына оралуына көмектесті.