«Айка тізімі» ісі бойынша фактілер тексеріліп жатыр деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорллық қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров. Былтыр желтоқсанда интернетте қазақстандық эскорт клиенттерінің жеке деректері көрсетілген «Айка тізімі» жарияланған болатын. ІІМ ақпараттың таралуы бойынша қызметтік тергеуді бастады, алайда бұл істі кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолға алды.