Бишімбаев ісіне қатысатын алқа билерді сатып алуға жол берілмейді. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қазақстандық алқа билер тізіміндегі азаматтардың адалдығына сенім білдіретінін мәлімдеді. Жауапты міндетті мойнына алғандар әділетсіздікке жол берсе, заң алдында жауап береді деп кесіп айтты.