Мемлекет «Отау» деп аталатын жаңа ипотекалық бағдарламаны жариялады. Әрине, бағдарлама болған соң бірқатар талабы бар, дегенмен негізгі шарты – үміткердің басында кейінгі бес жылда үй болмауы керек. Барлық шарттан іркілмей өткен азамат тек «Отбасы банкпен» келісімшартқа отырған, «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» кепілдігін алған компаниялардың ғана пәтерін қарастыра алады. Бір қызығы, қазірдің өзінде осы кепілдікке ие үйлердің бағасы өсе бастады деген ақпарат тарап жатыр.