Су тасқыны кезінде Батыс Қазақстан облысында өлген мал саны 1500-ден асты. БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі ауданында Ақсу, Кеңтүбек, Қарағанды, Пугачев, Қаратөбеде Қоржын, Шалғын, Теректіде Аңқаты, Подстепный және Сырымда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті, Қособа ауылдарын су басуына байланысты малға да шығын келді.