Батысқазақстандық ветеринар мамандар эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп Сырым ауданындағы су басқан 3 сібір жарасы көміндісі орналасқан жерді тексерді. Бетондалған саркофагтар мен қоршаулардың тұтастығы бұзылмағаны анықталды. «Орал обаға қарсы станциясы» ММ Жымпиты бөлімшесінің мамандары осы көмінді орындарынан топырақ сынамаларын алды. Сынамалар топырақта сібір жарасы спораларының болуын зерттеу үшін «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа» жіберілетін болады.