Әр ұлттың түсірген киносына қарап, оның ішкі рухани, мәдени һәм идеологиялық әлеуетінің қандай екендігін бағамдай беруге болатын шығар. Өйткені экранды мемлекеттік идеологияның қаруы ретінде қолдану – үздіксіз жүріп келе жатқан үдеріс. Мәселен, басқасын айтпағанның өзінде, жыл сайын "Оскар" сыйлығына ұсынылатын америкалық фильмдерді алайық. Мұқият назар аударсаңыз, олардың астарынан міндетті түрде сол елдің жүргізіп отырған саясатының белгілерін көруге болады. Бұл тек Америка фильмдеріне ғана емес, барлық алпауыт елдердің киносына тән құбылыс.