Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында күн сайын тың деректер жарияланып келеді. Қос тараптың қорғаушылары біліктілігін танытып, әр сөзді, әр секундты талдап жатыр. Бүгін Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «әдетіне басып», судья Айжан Құлбаеваға «сот біржақты өтіп жатыр» деп байбалам салды. Тіпті, әділетсіз сот ісін жүргізіп жатырсыз деп сотқа қарсы шықты.