Биішімбаевқа қатысты сот процесінде айыпталушының ұялы телефоны тексеріліп, куәгер Гүлнар Насырбековадан жауап алынды. Гүлнар Насырбекованың сотқа куәгер болып келуі бекер емес. Бишімбаевтың ұялы телефонын тексеру барысында оның Салтанаттың өлімі тіркелген күні айыпталушымен хат алмасқаны анықталды. Белгілі болғандай, Насырбекова Бишімбаевпен спорт залында танысқан.