Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі тараптарға әлеуметтік желіде пікір білдіруге тыйым салды. Мемлекеттік айыптаушы тараптан прокурор Айжан Аймағанова алқабилер сотының пікіріне әлеуметтік желі арқылы әсер ету қатері бар екенін айтып, осындай шара қолдануды ұсынған болатын. Сот ол ұсынысты қабылдады.